Кениядағы шеру: Сайлау комиссиясының 4 мүшесі ашықтық болмағанын айтқан

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кениядағы президенттік сайлаудың нәтижесі жанжалға, төбелес пен наразылыққа ұласты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Тәуелсіз сайлау комиссиясының мәліметінше, бірінші турда вице-президент Уильям Руто жеңімпаз атанды. Ол 50,49% дауыс жинап, өзінің басты бәсекелесі, бұрынғы премьер-министр Раил Одингадан 2%-ға алға шықты.

Жеңімпазды жариялаудың алдында сайлау комиссиясының жеті мүшесінің төртеуі ашықтық болған жоқ деп, қорытынды хаттамаға қол қоюдан бас тартты.

Кениялық БАҚ-тың хабарлауынша, бір күн бұрын елдің кейбір аймақтарында тәртіпсіздік орын алған. Ал ел астанасы Найробиде жағдай тыныш болған.

Бұған дейін наразылық ошағы Кениядағы үшін үлкен қаланың бірі саналатын Кисуму мен Найробидегі бірқатар кедей аудандарда болғаны хабарланған.

Наразылық білдірушілер - жеңілген Раила Одинганың жақтастары. Олар сайлау нәтижесінің бұрмаланғанын алға тартады. Бұрынғы премьер-министрдің өзі үнсіз. Оның штабында ресми нәтижеге қарсы шығу үшін 7 күн уақыт бар.

Соңғы жаңалықтар