Кениядағы алапат көшкін: 36 адам құрбан болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Кенияда алапат көшкін салдарынан кем дегенде 36 адам қаза тапты, олардың ішіндегі жетеуі бала, деп хабарлайды Sky News.

«Кенияда толасыз жауған жаңбырдан кейінгі көшкін кем дегенде 36 адамның өмірін қиып кетті», -делінген басылымның хабарламасында. Сондай-ақ өзендер арнасынан асып, бірнеше көпір қираған.

Орталық Покот округіндегі Такмал елді мекенінде бірнеше тұрғын көшкіннің құрбанына айналды. Олардың 11-і бір үйде болған.

Ішкі істер министрі Фреда Матиангидің айтуынша, Покоттың оңтүстігіндегі Паруа мен Тапач елді мекендерінде бес бала мерт болған.

Басылымның атап өтуінше, Угандамен шекаралас Батыс Покот округі жұмада болған аса күшті су тасқынынан зардап шеккен. Төрт көпірді ағын су ағызып алып кеткен. Ең қатты қираған Муйно ауылына жету мүмкін болмай отыр.

Соңғы жаңалықтар