Кенияда лаңкестік шабуыл жасалған қонақүйден 50 адам құтқарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кения құқық қорғау органдары Найробидегі лаңкестер шабуыл жасаған қонақүй кешеніндегі адамдарды құтқарып жатыр. Бұл туралы Reuters агенттігі жергілікті құтқару қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік таратқан хабарларға қарағанда, атылған оқтардың даусы естіліп тұрған қонақүй кешенінен 50-ге жуық адам эвакуацияланған.

Бұған дейін агенттік орталық ғимараттарында бірнеше жаралы адам қалып қойғанын хабарлаған. Кейбір деректерге қарағанда, қаза тапқандардың саны 15-ке жеткен.

Сейсенбі күні Найробидегі Dusit қонақүй-кеңсе кешеніне лаңкестер шабуыл жасады. Кения ішкі істер министрінің мәлімдеуінше, полиция кешеннің барлық ғимараттарын бақылауына алған, ғимарат аумағын тазарту жұмыстары аяқталар сәтке жақындаған.

«Әш-Шабаб» радикалды тобы лаңкестікке жауапкершілікті өзіне алып отыр.

Соңғы жаңалықтар