Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткіші алдында елорда ардагерлері мен мектеп оқушыларының салтанатты кездесуі өтті

None
None
АСТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елордадағы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткіші алдында «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы қала ардагерлері мен мектеп оқушыларының салтанатты кездесуін өткізді.

«Іс-шара биылғы Жеңістің 65 жылдығы мерейтойына арналып отыр. Бұл атаулы күні дүниежүзіндегі мемлекеттермен қатар Қазақстанда да ерекше аталып өтуде. Осыған орай мемлекетіміз ардагерлерге ерекше құрмет көрсетуде», деген аталмыш орталықтың директоры Ділдаш Битуова Ұлы Отан соғысына қазақстандық 6 мыңнан астам қыздардың қатысқанын атап өтті. Қазақтың ержүрек қызы Ә.Молдағұлованың ескерткіші «Дарын» орталығына тақау жерде орналасқанын ерекшелікке балаған орталық басшысы, «ол өз өмірен Отан үшін пида еткен, барлық жағынан да дарынды қыз болатын», дейді.

Сондай-ақ бүгінгі шара барысында ағымдағы жылдың шілде айында Астанада өтетін 51-ші Халықаралық математикалық олимпиада туы еліміздің барлық өңірін аралап, бүгін «Дарын» орталығына қойылмақ. Осы тудың алдында оқушылар, «соғыс болмасын, біз, қазақстандықтар білім туын одан әрі көтере береміз», деп ант қабылдады.

Айта кетейік, 1998 жылдан бастап аталған халықаралық білім сайысына қатысқан оқушыларымыз осы уақытқа дейін 57 медаль еншілеген болатын. Ағымдағы жылы бұл білім сайысы елорда төрінде өтпек. Оған әлемнің 105 мемлекетінен дарынды оқушылар қатысады.

Соңғы жаңалықтар