Кеңес Одағы батырының ұрланған алтын жұлдызының көшірмесі жасалды - Алматы облысы

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қызыл Жұлдыз және Ұлы Отан соғысының І және ІІ дәрежелі ордендерінің, Кеңес Одағының маршалы Жуков атындағы орденнің кавалері Иван Васильевич Косенков - бүгінде Алматы облысынан шыққан 53 батырдан қалған көз тірі жалғыз қаһарман.

Ол 1923 жылдың 30 желтоқсанында Богословка ауылында (қазіргі - Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданы) дүниеге келген. Жеті сыныпты аяқтаған соң колхозда жұмыс істеген. 1941 жылдың желтоқсанында Косенков Қызыл әскер қатарына алынып, майданға аттанған. 333-ші атқыштар дивизиясының 1118-ші атқыштар полкінде әскери борышын өтеген ол Мәскеуден Болгарияға дейін барған. Днепр үшін шайқас кезінде ерекше көзге түскен.

1944 жылдың наурыз айында ол Жоғарғы Кеңес Президиумының 22 ақпанындағы шешімімен Иван Васильевич Косенков пен Михаил Николаевич Голяковқа Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы Жарлығының көшірмесін алады.

Бес жыл бұрын ардагерге Үштөбе қаласынан үш бөлмелі пәтер сыйға тартылды. Ардагер көппәтерлі үйден кезегі келсе де бас тартып келген. Өйткені, өзінің кезегін көпбалалы отбасыға, бірде жағдайы төмен жанұяға беруді сұраған.

Қазір ардагер зейнет жасындағы қызы Ольганың қолында. Майдан даласында жастайынан әбден шыныққан ақсақал бүгінде тың көрінеді. Күнделікті әдетінде ол таң сәрісінен тұрады. Елдегі жаңалықтарды БАҚ-арқылы біліп отырады.

«Жеңіс күні жақындаған сайын әкем ұрланған Алтын Жұлдызын есіне түсіріп, көңілі бұзылады. 2000 жылы оның қымбат медалін біреулер ұрлап кеткен. Қаратал АІІБ-нің қызметкерлері награданы қанша іздесе де, таба алмаған болатын», - дейді Ольга.

Алматы облысындағы әскери басқарманың жергілікті органдары Батырдың наградасын ұрлатып алғанын естіп, Кеңес Одағы Батырының алтын Жұлдызының көшірмесін жасап берді. Бірнеше ай күткен Иван Косенков наградасын қолына алып, риза болды.

Соңғы жаңалықтар