+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

КЕҢЕС: Масаларды жолатпайтын өсімдіктер мен амалдар

2016 жылғы 20 маусым 00:05
Бөлісіңіз:
 КЕҢЕС: Масаларды жолатпайтын өсімдіктер мен амалдар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаз келісімен масалар мазаны қашырады. Олардан далада да, үйде де жасырыну мүмкін емес. Бұл жәндіктерден қорғанудың халық арасында тараған әдіс-тәсілдер көп.

Масалар қазтамақ, қызанақ және райхан гүлдің иісін жақтырмайды. Гүл салынған ыдысты терезе алдына қойса, жәндіктердің бөлмеге кірмейтінін аңғаруға болады. Үйде черри (бұрыш) қызанағы мен райхан гүлін өсіруге болады. Олардың жемісі кәдеге жарайды.

Ванильді ірітіндінің көмегімен далада масалардан қорғануға болады. Бір ас қасық ваниль ұнтағын жарты стақан суға езіп, бұл ерітіндіні киімге, дененің ашық жерлеріне жағыңыз. Ванилинге бір ас қасық балалар кремін қосуға болады. Бұдан кейін ешбір маса жоламайды!

Қайнатылған жусан тамыры да масаларға қарсы жақсы әсер етеді. Жусанның құрғақ тамырларына (дәріханадан дайын қоспа сатып алуға болады) бір литр су құйып, қайнатып, оттан алған соң бірнеше сағат суыту керек. Кейін бұл қайнатпаны киімге және денеге сеуіп, тіпті, кереует маңындағы еденді сол сумен жууға болады.

Мойыл гүлдері, райхан жапырақтары мен бидайық тамырының қайнатпалары да осы іске көмегі тиеді.

Кереует маңына валерьян тұнбасына қаныққан (малынған) спонжиктерді қойыңыз. Масалар сізді мазаламайды. Алайда үйде мысығы барларға бұл әдіс жарамайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: БАҚ, Қоғам,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT