Кеңес ғарышкерлері Алакөл курорттық аймағына келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шара Елбасының Алакөлді дамыту бойынша тапсырмасын орындау аясында курорттық аймаққа ішкі және ресейлік туристердің легін арттыру мақсатында өткізіліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы шақыруымен іс-шараға Қазақстанның Халық қаһарманы, авиация генерал-лейтенанты Талғат Мұсабаев, кеңес ғарышкері, Кеңес одағының батыры Анатолий Арцебарский, Қазақстан және Ресей ғарышкері, полковник, Қазақстанның Халық қаһарманы және Ресей Федерациясының қаһарманы Юрий Маленченко, Ресей Федерациясының ғарышкері Юрий Батурин қатысуда.

«Алакөлдің суын қазақтың батырлары ерте заманнан бері жоңғарлармен шайқастан кейін емделу үшін қолданған деген аңыз бар. Кейбірінің айтуынша, осы аймақта әлсіреген және жарақаттанған жауынгерлерін емдеу үшін Шыңғыс хан түмендерімен келіп отырған. Осы аңыздардың барлығын кеңес ғарышкерлерінің ғарыш радиациясынан тазару мен сапардан кейінгі медициналық қайта қалпына келтіру кезеңдерінің бірін Алакөлде өткізгені туралы тарихи деректер растайды десе болады», - дейді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрайымы Майнюра Мурзамадиева.

Ертеде ғарышқа сапардан кейінгі қайта қалпына келтіру шаралары көлдің шығыс жағалауында өткізілгені белгілі. Бірақ, осы жолы ұйымдастырушылар ғарыш ардагерлеріне көлдің оңтүстік жағалауын көрсетуде.

Ғарышкерлердің бағдарламасы сауықтыру процедураларын, СПА және белсенді демалыс түрлерін қамтиды.

Ғарышкерлердің айтуынша шипажайлық-курорттық сауықтыру олардың кәсіби қызметін жалғастыру үшін қажетті және ғарыш сапарынан кейінгі қалпына келудің қорытынды кезеңі болып табылады. 

Соңғы жаңалықтар