Кенен Әзірбаев атындағы «Шырқа, даусым!» ән байқауының қорытындысы шығарылды

None
None
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда, облыстық драма театрында V республикалық Кенен Әзірбаев атындағы «Шырқа, даусым!» ән байқауы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық мәдениет басқармасына сілтеме жасап.

Байқауды «Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық филиалының қолдауымен Жамбыл облыстық әкімдігінің мәдениет басқармасы жамбылдық ақын Кенен Әзірбаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырды. Ән сайысына Астана, Алматы, Семей, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарынан келген әншілер қатысты.

Қазылар құрамына ҚР халық әртісі, Мемлекет сыйлықтың лаураты, «Қазақконцерт» бірлестігінің директоры Алтынбек Қоразбаев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бас сарапшысы Жоламан Тұрсынбаев, ҚР халық әртісі, профессор Қажыбек Бекбосынов және т.б. енді.

Құрметті қонақ ретінде Кенен Әзірбаевтың қыздары -Төрткен  Әзірбаева және Ақбілек Әзірбаевалар шақырылды.

Конкурстың гран-приін, диплом мен 600 мың теңге мөлшеріндегі сыйлықты қазылар Алматы облысының Іле ауданынан келген Саян Мойынағашевке берді. Бірінші орындарға, диплом мен 450 мың теңге мөлшеріндегі сыйлықтарға - алматылықтар - Әйгерім Нартуева мен Төлеген Шәкәрімов ие болды. Екінші орындар мен 300 мың теңге сыйлық Алматыдан Талғат Әбуғазин мен Астанадан Қарлығаш Аббасоваға бұйырды. Үшінші орында - алматылықтар Жасұлан Қоңыров, Рахат Бегасылов және Айзат Қарабекова.

Соңғы жаңалықтар