+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Əкемнен айырылғанға дейін коронавирусқа сенген жоқпыз: Астаналықтар әкесінің санаулы күнде қалай көз жұмғанын айтты

2021 жылғы 3 тамыз 07:56
Бөлісіңіз:
Əкемнен айырылғанға дейін коронавирусқа сенген жоқпыз: Астаналықтар әкесінің санаулы күнде қалай көз жұмғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бір апта бұрын Нұр-Сұлтанда Сыздықовтар жанұясы отағасынан айырылды. Ер адам тыныс алу жеткіліксіздігінен, өкпе ісінуімен коронавирустан жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Отбасы бұл вирусқа дер кезінде назар аудармағанына өкінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық QAZVAC вакцинасы «Дельта» штамынан тиімді қорғайды - зерттеу Коронавирус өкпе мен жүрек-қан тамыр жүйесіне әсер етеді- реабилитолог Коронавирус жұқтырған әйел «Шарбақты» бекетінен өтуге әрекеттенген

«Бәрі кенеттен болды. Алдымен анам ауырып қалды, содан кейін марқұм әкем. Оның денсаулығы 2 күн ішінде күрт нашарлап кетті. Екеуі бірден КВИ ауруханасына жатқызылды», — дейді Гүлжан Сыздықова.

Марқұмның жақындарының айтуынша, оның коронавирустан бөлек еш жері ауырмаған, яғни денсаулығында кінәрат болмаған.

«Біз оларды қолымыздан келгенше қорғадық. Бірақ оқшауланудан шаршап, қыдыра бастады, достарымен, туыстарымен көрісті. Біз оларға қанша рет абай болыңдар, барлық карантин шараларын сақтаңдар деп ескерттік. Әлі күнге дейін әкеміздің өмірін осы инфекция жалмағанына сене алар емеспіз. Біз қазақстандықтарға вирус бар екенін және оның аса қауіпті екенін жеткізгіміз келеді. Мұндай қайғыны ешкімнің басына бермесін», — дейді марқұмның балалары.

Коронавирус ер адамның өкпе органын ә дегеннен 36%-ға қабындырған. Содан кейін тыныс алу жетіспеушілігі пайда болып, өкпе ісінуімен реанимацияға жеткізілді.

«Біз бәрі қалпына келіп, жазылып кетеді деп ойладық. Бірақ екі апталық күрестен кейін дәрігерлер бізге қайғылы жаңалықты жеткізді — жүрегі шыдамай қайтыс болды. Ковидтің кесірінен біз онымен дұрыстап қоштасып, денесін үйге әкеле де алмадық. Бұл инфекция болғандықтан, оны мәйітханадан бірден зиратқа алып кетті», — дейді марқұмның балалары.

Дәрігерлер тек вакцинация сіздің жəне жақындарыңыздың денсаулығын қорғауға мүмкіндік беретінін еске салады.

Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру арқылы ғана пандемияны жеңуге болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT