Кемероводағы өрттен зардап шеккендер саны 47 адамға өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» сауда үйінде шыққан өрт салдарынан зардап шеккендер саны 47 адамға өсті. Мұндай деректі дүйсенбі күні Ресей ТЖМ басшысының орынбасары Владлен Аксенов мәлім етті, деп хабарлайды  ТАСС.    

«Барлығы 84 адам зардап шегіп, соның ішінде 37 адам, өкінішке орай, қаза тапты. Қалғандарына медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - деді ол жедел кеңесте.

В.Аксенов 64 адамның із-түзсіз жоғалғандығын атап өтті.

Сондай-ақ, ол жанып жатқан ғимараттың опырылу қаупі барын хабарлады.

«Қабатаралық жабындар шөгіп жатыр, олар опырылуы мүмкін», - деді ол жедел кеңесте.

Бұдан бұрын «Зимняя вишня» сауда үйінде шыққан өрттен 37 адамның қаза тапқаны хабарланған еді. Тағы 43 адам зардап шеккен.

Өрт сауда үйінің соңғы 4-қабатынан шыққан. Ғимараттан 20 адам құтқарылды, тағы 100 адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Соңғы мәлімет бойынша, тілсіз жау ауыздықталған. Өрт 1,5 мың шаршы метр аумақты шарпыған.

Соңғы жаңалықтар