Кемероводағы өрт: Айыпты өрт сөндіруші өз-өзіне қол жұмсамақ болған

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Тергеу сауда орталығын сөндіру кезінде немқұрайлылық танытты деп айып таққан Кемерово облысы бойынша Федералдық шекара қызметінің бірінші жасағына қарасты өрт сөндіру қызметінің басшысы Андрей Бурсин тергеу изоляторында өзіне-өзі қол жұмсауға тырысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Бурсиннің жүйкесі сыр берген, сөйтіп өзіне-өзі қол жұмсамақшы болып, ауруханаға түсті», - деді агенттікпен сұхбаттасушы.

Еске салайық, 25 наурызда Кемеровода «Зимняя вишня» сауда ойын-сауық орталығы өртке оранған еді. Қайғылы оқиға салдарынан 60 адам қаза тапты. Олардың қатарында 40 бала болған.

Сондай-ақ, «Зимняя вишня» сауда орталығындағы қайғылы оқиғадан  57 жастағы «Павлодар-Водоканал» ЖШС қызметкері Марина Баранова мен оның қызы Наталья Устинова және 4 жасар немересі Ульяна Устинова ажал құшты.

Соңғы жаңалықтар