+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Кемел ойдың кемеңгері: Атырауда Әбіш Кекілбаевты еске алу кеші өтті

2019 жылғы 16 қараша 16:06
Бөлісіңіз:
Кемел ойдың кемеңгері: Атырауда Әбіш Кекілбаевты еске алу кеші өтті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда көрнекті қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған «Кемел ойдың кемеңгері» атты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды ҚазАқпара тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай конференция өтіп жатыр Әбіш Кекілбайұлының мерейтойы туған жерінде аталып өтті Серікбай Трұмов: Әбіш Кекілбайұлы Маңғыстаудың әр тасын, әр төбесін қадірлейтін

Салтанатты шараға Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, жазушының жұбайы Клара Қалекенқызы және Мереке Құлкенов, Светқали Нұржан, Әнес Сарай секілді республикаға белгілі қаламгерлер қатысты.



Кеште Әбіш Кекілбайұлының өмірбаяны туралы бейнефильм көрсетіліп, ол Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының көркемдік қойылымына ұласты. Терең пәлсапалық қойылымда Әбіштің әкесімен әңгімелесуі, өз туындыларының кейіпкерлері Әбілхайыр мен Махамбетпен сырласуы, ұстазы Әуезовты еске алуы, үзеңгілесі, досы, сырласы Фариза ақынмен дидарласуы секілді жазушы өмірінің маңызды тұстары көрерменге паш етілді.



«Әркімнің өз Әбіші бар. Біреу оны ақын деп бағалайды, біреу оны жазушы деп таниды, енді біріміз үшін ол - абыз. Әбіштің ұлылығы да осы. Біз әлі күнге дейін Әбіш ағамыздың барлық қырын танып болған жоқпыз. Таныған қырларымыздың өзін әлі де зерттей түсу керек. Бүгінгі ұрпақтың да, келер ұрпақтың да міндеті - осы деп білем», - деді аймақ басшысы өз құттықтау сөзінде.


Кеш барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тұрар Әлімбаев жазушыға арнаған «Әбіш-таған» күйін орындады. Сонымен бірге, Әбіш Кекілбаевтың сөзіне жазылған Есенбай Құлиевтің «Дәурен көшкен» әні, Тамара Асардың орындауында «Арман дейтін арғымақ» әні шырқалды.

Кеш барысында Әбіш Кекілбайұлының замандастары, үзеңгілес достары, белгілі қоғам және өнер қайраткерлері сөз сөйлеп, оның қаламгерлік қасиеті, ақындық адуыны, азаматтық асқақтығы, қайраткерлік қарымы мен елдік ерендігі туралы жиналған жұртшылыққа баян етті.


Кеш соңында Әбіш Кекілбайұлының жұбайы Клара Қалекенқызы сөз алып, «ақыным деп ардақтаған, жазушым деп жар салған, қайраткерім деп қасиет тұтқан, ерім деп еміренген» Атырау жұртшылығына алғысын айтып, осы шараның өтуіне қолдау білдірген Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевқа ризашылығын білдірді.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Абай Абылайұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT