Кембридж университетінде Шәкәрімнің шығармашылығы туралы кітаптың тұсаукесері өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кембридж университетінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың ағылшын тілінде жарық көрген "Shakarim. The life of a kazakh poet" атты кітабының тұсаукесері өтті.

Тұсаукесер барысында әлемге әйгілі жоғарғы оқу орынының вице-президенті Питер Нолан және Кембридж профессорларымен кездесу ұйымдастырылып, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Кембридж университеті арасында ғылыми жұмыстар жасау мен өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Британдық академиялық жұртшылыққа қазақ халқының ұлы философы, ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны таныстырылды.

Тұсаукесердің екінші бөлігі дисскуссия түрінде өтті - қатысшулар авторға өз сұрақтарын қойды. Сөйтіп, "Shakarim. The life of a kazakh poet" ағылшын тіліндегі нұсқасы өте жоғары деңгейде өтті.

Кембридж университетінің профессоры Сидхарт Саксен: «Шәкәрімнің шығармашылығымен танысу мен үшін Қазақстанды жаңа қырынан тану болды және ақынның философиялық ойлары мені ерекше тебірентті», - десе, мәдениеттану докторы А.Тайзенхаузен: «Бұл кітапта қазақ ақыны, философ әрі педагог Шәкәрімнің бүкіл өмірі баяндалған. Бұл жерде бір ақынның өмірбаяны ғана емес, сонымен қатар бүкіл ұлттың тарихы жатыр», - деп баға берді.

Естеріңізге сала кетейік, қазақтың ұлы ақыны туралы кітап қазіргі таңда 4 тілде - қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде жарық көрді, алдағы уақытта қытайлық оқырмандардың сұранысы бойынша күншығыс елінің тілінде жарық көрмек.

Сонымен қатар университет ректоры осы сапар барысында "Болашақ" бағдарламасы бойынша білім алып жатқан қазақстандық студенттермен де жүздесті.

Тағы да атап өтетін бір жайт - Қазақстан ректорлар Кеңесі төрағасы Ерлан Сыдықов QS Халықаралық рейтинг агенттігінің негізін қалаушысы әрі қазіргі таңдағы төрағасы Нунция Куакуареллимен кездесті. Кездесу барысында қазақстандық жоғары оқу орындарының әлемнің алдыңғы қатарлы білім ордаларына кіру жайы кеңінен әңгіме болды, деп хабарлайды ЕҰУ баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар