Келестік сайлаушы үшем сәбиін сайлау учаскесіне ертіп келді

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Келестік сайлаушы үшем сәбиін сайлау учаскесіне ертіп келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысы Келес ауданының тұрғындары сайлауға белсенді қатысып жатыр. Бұл күні сайлауға бірінші болып келіп, дауыс берген ауыл азаматтары, сондай-ақ алғаш рет сайлауға қатысқан азаматтарға сайлау комиссиясы тарапынан сый-сияпат көрсетілді.

Сонымен қатар 345 сайлау учаскесінде Қарабура елді мекенінің үшемі бар отбасы өз таңдауларын жасады.

«Сайлау елдегі маңызы жоғары саяси науқан. Бұл шараға қатысу әрбір азаматтың міндеті. Балаларымыздың бірі ел басқарсын деген ниетпен бүгін сайлауға сәбилерімізді ертіп келдік», - дейді үшемнің әкесі.

Айта кетейік, Түркістан облысында сайлаушылардың 27 пайызы дауыс беріп үлгерді.


Соңғы жаңалықтар