Келесте жасөспірімдердің уақытын тиімді өткізу мәселесі талқыланды

None
None
КЕЛЕС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Келес ауданында кәмелет жасына толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның кеңейтілген мәжілісі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиынға аудан әкімі А.Есбаев пен ауданның прокуроры Б.Сейфолла, аудандық полиция бөлімінің бастығы Ш.Оңғаров пен мектеп директорлары және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Аудан әкімі төрағалық еткен отырыстың күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар мен аудан әкімдігі жанынан құрылған комиссияның 8 айда атқарған жұмысы талқыланды. Сондай-ақ, «Жастар ресурсты орталығы» МКК басшысы Э.Бектаевтың жұмыс есебі тыңдалды.

Жиында сөз алғандар жасөспірімдер арасында орын алған қылмыстарға себеп болған мәселелерді көтеріп, оларды шешу жөнінде ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Қылмысты болдырмау және алдын алу жұмыстарын пысықтап, мінезі қиын балалармен көбірек жұмыс істеу керектігін сөз етті.

«Мұндай басқосулар бос сөз болмауы тиіс. Кәмелет жасына толмаған балалардың бос уақыты көп. Сондықтан, олар құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, өзін-өзі өлтіру секілді әрекеттерге барады. Аудандар мен ауылдарда балалардың уақытын тиімді өткізетін үйірмелер жоқ. Біз олардың қызығушылығын арттыратын, тұлға ретінде қалыптасуына әсер ететін спорт кешендерін, үйірмелер, қосымша білім беретін курстар ашуымыз керек», - деді жиынды қортындылаған аудан әкімі Ақментай Есбаев.

Соңғы жаңалықтар