Келесте республикалық маңызы бар жолдың жөндеу жұмыстарына партиялық бақылау жасалды

None
None
КЕЛЕС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Келес ауданында республикалық маңызы бар жолдың жөндеу жұмыстарына партиялық бақылау жасалды. Аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының төрағасы Ақментай Есбаев пен төрағаның бірінші орынбасары Ахмет Жұмабеков биылғы жылы мамыр айында басталған А-15 автомобиль жолының жөндеу жұмыстарын аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Партиялық бақылаудың нәтижесінде «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиал төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің тікелей тапсырмасымен Келес ауданы аумағынан өтетін «Жызақ-Жетісай-Қызыләскер-Абай-Сарыағаш-Жібек жолы» автомобиль жолының 144-175 шақырым аралығында жөндеу жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмеген болатын. «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ Түркістан облыстық филиалы Қошқарата-Ақтөбе ауыл округтерінің аумағындағы 31 шақырым жолды жөндеу жұмыстарын жарытпаған мердігер мекеме «ТММ Береке» ЖШС-сімен келісім-шартты бұзды. Бақылау барысында бүгінгі таңда жол жөндеу жұмыстарын «ҚазақАвтоЖол» ЖШС қолға алып, күні-түні жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мердігер мекеме жаңа техникалар мен жұмысшылар санын арттырған. Айналма жол ретінде беріліп, тозығы жеткен Ошақты ауылдық округі аумағындағы автожолға да жақын күндері жөндеу жұмыстары басталатынын атап өтті. Өз кезегінде аудан әкімі «ҚазақАвтоЖол» ЖШС-інің өкіліне ауа райының қолайлылығын пайдаланып, жұмысты жандандыру қажеттігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар