Келесте көшелер мен көпірлер жөнделуде -Түркістан облысы

None
None
КЕЛЕС. ҚазАқпарат – Түркістан облысында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында көшелерді орта жөндеу жұмыстары басталды. Келес ауданының орталығы Абай ауылында 23 көше жөнделіп, жүргіншілер жолдар салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңадан құрылған ауданда жарық шамдар қойылып, көше тегістелмек. Жалпы аудан орталығында 23 көше орта жөндеуден өтеді деп жоспарланған Олардың қатарында Т.Рыскұлов, Д.Қонаев, Алданазанов, Т.Тұмышев, С.Малдыбеков, Кыш зауыты, А.Молдагұлова, Құрылыс, Б.Ермеков, Б.Оспанов, Т.Рысқұлов тұйық көшесі, Б.Қырғызалиев, Өркениет, Наурыз, Абай, А.Мамытбайұлы және Шығыс мөлек ауданының көшелері бар. Жолға жауапты сала мамандарының айтуынша, жол жөндеу жұмыстары қазан айында аяқталуы деп күтілуде. Ал, елді-мекендердегі ішкі көшелер аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға жөнделмек. Бұл бағытта 59 шақырымды құрайтын 32 көше қалпына келтіріледі деп күтілуде. Сондай-ақ, Келес ауданына қарасты Ошақты және Жеті төбе елдімекендерін бөліп тұратын көпірде жөнделіп жатыр.

Айта кетейік, аталған көпір 1970 жылы салынған. Сыры мен сыны кеткен көпірден көліктердің және адамдардың өтуі қиындаған болатын. Қазіргі таңда ескі көпір толығымен бұзылып, жаңасының іргетасы қаланды. Ондағы құрылыс жұмыстары жыл соңына аяқталады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар