Келесте бөлім басшысы 30 млн теңге пара алды деген күдікпен қамауға алынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Келес ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы жемқорлыққа барды деген күдікке ілініп, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталған адам ірі көлемде, нақтырақ айтқанда 30 млн теңге пара алды деген күдікке ілініп отыр. Бұл сома – 2019 жыл бойы мен 2020 жылдың мамыр айына дейін «Қызыләскер» қосымша станциясының құрылысы бойынша атқарылған жұмыс актісінің 3 млрд теңгелік сомасының 1 пайызы», - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен.

Күдікті ұсталып, Сарыағаш ауданының ПБ уақытша оқшаулағышына қамалған. Тергеу амалдары жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар