Келесте 226 тұрғынға 5 млн теңге көлемінде тұрғын үй көмегі төленді

None
None
КЕЛЕС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Келес ауданында өткен баспасөз мәслихатында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Асылхан Келімбетов атқарған жұмысы туралы баяндап өтті. БАҚ өкілдеріне жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек пен жәрдемақы төлеу бойынша ақпарат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Асылхан Келімбетовтың сөзінше, аудан бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж 9400 отбасына 3073223 млн теңге жәрдемақы тағайындалып, төленген. Яғни жалпы 54138 адам қамтылған. Оның ішінде 2281 көпбалалы отбасы бар.

Ал, биылғы 1 сәуірден бастап АӘК-ке өтініш берген отбасылардың айлық табысы кедейлік шегінен асып кетуіне байланысты 842 отбасына көмек берілмейтін болды. Сондай-ақ, 5207 анаға жергілікті бюджеттен 26 млн 613 мың теңге қаражат қарастырылып, төлем жасалған.

«Мүгедектерді оңалту орталығына жолдама алу үшін 62 мүмкіндігі шектеулі азаматтан өтініш қабылданып, 54 адамға Шымкент қаласына жолдама берілді. Сауықтыру орындарына 444 қария мен 389 азамат жолданды. Сурдо-тифло құралдары мен протез-ортопедия құралдарымен қамтамасыз ету жағы қолға алынған. Инво және әлеуметтік такси қызметін алуға 90 азаматтан өтініш түсіп, толығымен қызмет көрсетілуде. 59 мұқтаж азаматқа мүгедек арбалары таратылып берілді. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын 132 мүмкіндігі шектеулі баланың әрқайсына оқуға арналған құрал-сайман алуға айына 2 айлық есептік көрсеткіштен (5050 теңге) жәрдемақы төленуде»,- деді Асылхан Келімбетов.

Соңғы жаңалықтар