Келесте 1 гектарға жуық алқапқа көкнәр еккен азаматтар ұсталды

None
None
АБАЙ. ҚазАқпарат - Келес ауданында 1 гектарға жуық егістік алқабына егілген көкнәр табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келес аудандық полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің полицейлері жедел-алдын алу іс-шарасы аясында ауданның барлық аймағын тінтіп, тексеру жұмыстарын жүргізді.

«Нәтижесінде Келес ауданындағы ауылдардың бірінің егістік алқабынан есірткі тектес көкнәр өсімдігін тапты. Ауданның тәртіп сақшылары анықталған жайтқа қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізді. Есірткі тектес өсімдік егілген егістік алқабының жалпы аумағы - 1 гектарға жуық. Аумақ тікенді металл сыммен қоршалған және аталмыш өсімдік жүгері дақылымен араластырып егілген» делінген хабарламада.

Полицейлер айғақ ретінде егістік алқабынан көкнәр есірткі затына ұқсас 7 мың түптен астам өсімдікті тәркіледі. Сараптама қорытындысы бойынша, зерттеуге ұсынылған өсімдіктің «ұйықтататын көкнәр» екені белгілі болды. Жалпы салмағы - 300 келіден асады.

Оқиға орнында құрықталған ағайынды екі азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта аталған іске байланысты тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктілер қамауға алынған.

Полицейлердің айтуынша, мұндай іске барған азаматтар, есірткі еккендер, оны сатып және өзгелерге ұсынғандар міндетті түрде жазаланады.

Соңғы жаңалықтар