USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Келесі жылы зейнетақы қандай көлемде өседі

2021 жылғы 23 қараша 10:45
Бөлісіңіз:
Келесі жылы зейнетақы қандай көлемде өседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –2022 жыл республикалық бюджетте әлеуметтік міндеттемеге 4 трлн теңге қарастырылған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы жинақтары 13,1 трлн теңгеге жетті «Қазпошта» қызметкерлері зейнетақы мен мүгедектердің жәрдемақысын жымқырған

«2022 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға 4 трлн теңге, оның ішінде зейнетақы мен барлық әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін индексациялауға 190,4 млрд теңге көзделіп отыр», - делінген Еңбек министрлігі мәліметінде.

Бұл 4,2 млн адамның табысын арттырады, оның ішінде:

- 2,3 млн-ға жуық зейнеткерге ынтымақты зейнетақы мөлшерін 7%-ға (инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып) және базалық зейнетақы төлемін 5%-ға, жалпы сомасы 138,3 млрд теңгеге арттыру жүргізілетін болады;

- 1,9 млн алушыға әлеуметтік жәрдемақы жалпы сомасы 52,1 млрд теңгеге, 5%-ға арттырылады.

Бұдан тыс ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуі атаулы әлеуметтік көмек алатын 900 мыңнан астам адамның кіріс деңгейіне де оң әсер етеді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын және айлық есептік көрсеткішті 5%-ға индексациялау жоспарланып отыр. Нәтижесінде, ЕТК мөлшері 36 018 теңгені, ал АЕК – 3 063 теңгені құрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT