+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

Келесі жылы тегін дәрі-дәрмектің тізімін екі есеге көбейтеміз - Елжан Біртанов

2019 жылғы 25 тамыз 17:25
Бөлісіңіз:
Келесі жылы тегін дәрі-дәрмектің тізімін екі есеге көбейтеміз - Елжан Біртанов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов Қарағанды облысына келген жұмыс сапары барысында Абай ауданының Топар кентінде орналасқан Орталық аудандық аурухананының қаншалықты жабдықталғанын тексеріп қайтты.

Ұқсас жаңалықтар
Таразда трансфузиялық медицина бойынша халықаралық конференция өтеді СҚО-да  JCI әлемдік стандартына сай алғашқы аурухана салынады Қасым-Жомарт Тоқаев ғалым-нейрохирург Серік Ақшолақовты қабылдады

Бұл туралы министрліктің Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

Биыл 1964 жылы іргесін қалаған медициналық мекеменің алды, шатыры және қоршау мен пандусқа күрделі жөндеу жұмыст ары жасалып, аула абаттандырылды.

2018 жылы аурухана «Навигация» ақпараттық жүйесін қосты. Сондай-ақ, хирургиялық және гинекологиялық ота жасау үшін электрлі коагулятор мен 20 компьютер сатып алынды. Бұл ауруханада республикалық маңызды тас жолында жол-көлік оқиғасына түскен жандарға шұғыл түрде көмек көрсетеді. Ауруханада 4 хирург қызмет етеді. Мамандар аптасына орташа есеппен 5 жоспарлы ота жасайды. Медициналық мекеме басшылығы Топар кентінде дәрігер тапшылығы жоқ деп мақтанышпен айтты.

«Дәрігерлерге тапшылық сынды мәселе туындаған жоқ. Дәрігерлер еңбек демалысына кеткенде де әрдайым орнын ауыстыратын маман бар»,- деді аурухана директоры Наталья Белан.

Е. Біртанов қазір аурухана қызметкерлеріне адамдарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен таныстыруға көп көңіл бөлу керектігін атап өтті. Себебі 1 қыркүйектен бастап Қарағанды облысында МӘМС пилоттық жүйесі іске қосылады.

«Енді кім сақтандыру жүйесіне тіркелгенін, кім жоқ екеніне назар аудару керек. Медицина қызметкерлері толыққанды түсіндіруге дайын болулары керек. Дәрігерлер медициналық көмектің базалық пакетіне не кіретінін және қосымша тағы қандай көмек көрсетілетінін білсе екен дейміз. Әзірге пилоттық жүйеде профилактикалық тексеру мен және оңалту ғана бар. Келесі жылы тегін дәрі-дәрмектердің тізімін екі еселендіруді жоспарлап отырмыз» - деп сөзін қорытындылады Е.Біртанов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT