Келесі жылы Шымкентте суда есу спортына арналған жаттығу базасы ашылады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 2015 жылы суда есу спорты түрлері үшін жаттығу базасының ашылуы оның дамуына жаңа серпін береді, деп санайды ұлттық команданың бастығы Денис Жәрменов.

Каноэ және байдаркада есу - Қазақстанда қарқынды дамып келе жатқан спорт түрі. Осындай пікір бүгін Қазақстанда суда есу спорты түрлерінің қорытындыларын шығару және алдағы дамуы бойынша өткен баспасөз конференциясының барысында айтылды.

«Қайық» федерациясы 2014 жылдың 11 қазанында тіркелген. Оған қаржылық қолдауды «Самұрық-Қазына» АҚ көрсетіп отыр. Спортшыларды дайындау үшін Беларусь бапкері Владимир Шантаровичті шақырдық», - деді суда есу спортының түрлері бойынша «Қайық» федерациясы президентінің кеңесшісі Александр Давыдов баспасөз мәслихатында. Мемлекеттік бапкер Қайсар Нұрмағамбетовтың айтуынша, Азия ойындарында қазақстандық спортшылар 12 дисциплинада өнер көрсетті. «Соның 10-ында олар медальдар жеңіп алды - бес алтын, үш күміс және екі қола жүлдені қанжығаларына байлады. Жаттығу базасы Шымкентте салына бастады, болашақта Өскеменде де бой көтеруі жоспарланып отыр», - деді Қайсар Нұрмағамбетов. Бүгінде аталған спорт түрінің басты проблемасы - жаттығу үшін қажетті жағдайлардың жасалмауы. «Ағайынды Емельяновтардың кезекті жеңісінен кейін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов Шымкенттегі жаттығу базасының жағдайына назар аударды. Қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары басталып та кетті. База пайдалануға берілген соң біз спортшыларды өз елімізде дайындап, республика чемпионтаттарын өткізе аламыз. Бұл есу спорты түрлерінің дамуына жаңа серпін беруі тиіс. Болашақта шетелдік жаттықтырушыларды да шақыртпақпыз», - дейді ұлттық құраманың жетекшісі Денис Жарменов.

Соңғы жаңалықтар