Келесі жылы күнкөріс шегі, төменгі зейнетақы мен жалақы мөлшері қандай болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Кеше Мемлекет басшысы «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған сәйкес, 2023 жыдың 1 қаңтарынан төлем көрсеткіштері мына мөлшерде бекітілді:

Ең төменгі жалақы мөлшерi – 60 000 теңге;

Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 21 907 теңге;

Ең төменгі зейнетақы мөлшерi – 53 076 теңге;

Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 40 567 теңге.

Бұдан бөлек, келер жылдың басынан айлық есептік көрсеткіш мөлшері өседі. Биыл ол 3 180 теңге болса, 2023 жылы 3 450 теңге болады.

Ал жасына және еңбек еткен жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10,5 пайызға көтеріледі.


Соңғы жаңалықтар