Келесі жылы Қазақстанда жоғары сапалы тоқыма өндірісі басталады

None
None
АНА. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Келесі жылы Қазақстанда жоғары сапалы тоқыма өндірісі басталады. Бұл жайында «Қазақстан даму банкі» АҚ-ның төрағасы Ғали Есқалиев  www.bnews.kz порталында өткен Online-конференция барысында мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Келесі жылдың наурыз-сәуір айларында Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында жоғары сапалы тоқыма өнімдерінің жаңа өндірісін ашамыз. Сонда танымал брендтердің көйлектері, костюмдері тігілетін  қажетті тоқыма өнімдері жасалады деп айтуға болады», деді ол.

Ғ.Есқалиевтің айтуынша, қазіргі уақытта экспортқа шығарылатын барлық өнімдер Қытайдан немесе Пәкістаннан сатып алынған тоқымалардан тігіледі екен.

«Қазір өнімге, сертификатқа  қойылатын талаптар өзгеруде және де қазақстандық мазмұн артуда. Сондықтан шешім қабылдау қажет, сонда ішкі нарықтағы біздің өнімдерге талап күшті болады», деді банк төрағасы.

Соңғы жаңалықтар