+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Келесі жылы баспана бағасы қымбаттай ма

2021 жылғы 24 қыркүйек 14:36
Бөлісіңіз:
Келесі жылы баспана бағасы қымбаттай ма

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылдың көктемінде тұрғын үй 20%-30% қымбаттайды. Қазақстан Құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиев БАҚ өкілдеріне осындай болжам айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
2022 жылы елордада ескі үйлердегі тұрғындардың мәселесі шешіледі Елімізде әйелдер ипотекасы қалай жүзеге асып жатыр Депутат жастарға берілетін баспана талаптарын жеңілдетуді сұрады

«Құрылыстың құнын арзандау туралы айтсақ, 2014-2015 жылдары үшінші-төртінші класты тұрғын үйдің шаршы метрі 1,5-2 мың долларға сатылса, қазір олар 750 долларға өтіп жатыр. Бір сөзбен айтқанда құрлыскомпаниялары салған үйінің өзіндік құнын ғана ақтап жатыр. Баспана тапшылығының қалыптасуына құрылыс компаниялары кінәлі емес. Бүгінде құрылыстың өзі 35%-40% қымбаттады. Материалдар 60% -дан 90%-ға дейін шарықтап кетті», - деді Талғат Ерғалиев БАҚ өкілдеріне.

Оның айтуынша, құрылыс құны 15% - ға ғана көтерілген.

«Қисынға салып қарасаңыз, құрылыстың өзі 35%-40% қымбаттаса, шаршы метрдің құны бар болғаны 15%-ға қымбаттағанның өзінде бағаның өсіп кеткенін көреміз. Коммерциялық тұрғын үй салушылар бағаны бір түнде көтеріп жатқан жоқ. Олар бағаны біртіндеп, баяу көтереді. 2022 жылдың көктемінде баспана бағасы 20%-30% өседі деп топшылап отырмыз. Біз мұны нақты биылғы жталдауға ғана сүйеніп айтып тұрған жоқпыз. Бұл құрылыстың барлық кезеңін талдау арқылы алынған болжам», - деді Талғат Ерғалиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT