Келесі жылдан бастап сұйытылған газ бағасын Энергетика министрі реттеп отырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Келесі жылдан бастап сұйытылған газдың шекті бағасын Энергетика министрі белгілеп отырады. ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Мәжілісте өткен Үкімет сағатынан кейін журналистерге осындай мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«180 күндік реттеу мерзімі аяқталған соң сұйытылған газдың бір литрі зауыттан 29 теңгемен шығатын болса, соңғы тұтынушыға қазіргідей 50 теңге емес, 55 теңге болуы мүмкін. Бұл анық нарықтық жолмен енгізілген баға. Оны бақылауға алу керек деп отырғанымыз, осы межеден асырып жібергендер болса, оның негіздемесін дәлелдей алмаса, айыппұл салып, бағаны қайтадан орнына келтіреміз», - деп түсіндірді Болат Ақшолақов.

Айтуынша, мұндай тәжірибе табиғи газдың бағасын тұрақтандыруда тиімді екенін көрсеткен екен.

«Заң сондай, оны біз басқаша істей алмаймыз. Келесі жылдан бастап сұйытылған газға шектеулі баға енгізіледі. Заңға сондай өзгерістер енгізіп жатырмыз. Сол кезде жеңілдеу болады. Табиғи газдың бағасын қазір солай реттеуді жолға қойдық. Яғни, бүкіл халықтың көз алдында, ашық жолмен қабылдадық. Енді сұйытылған газдың бағасын да солай реттегіміз келіп отыр», - деді Энергетика министрі.

Сондай-ақ, бүгінгі Үкімет сағатында көлеңкелі экспорт сұйытылған газ бағасын қымбаттатуы мүмкін екенін айтты.



Соңғы жаңалықтар