+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Келесі жекпе-жегімді Қазақстанда өткізгім келеді - Головкин

2017 жылғы 14 наурыз 02:04
Бөлісіңіз:
Келесі жекпе-жегімді Қазақстанда өткізгім келеді - Головкин

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен америкалық Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өткен соңғы баспасөз мәслихатынан кейін көзқарастар дуэлін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Головкин-Джейкобс жекпе-жегі Madison Square Garden аренасында 18 наурыз күні өтеді. Қазақстандық телеарналар айқасты тікелей эфирден көрсетеді.

Сондай-ақ Головкин Seconds Out -ке берген сұхбатында келесі кездесуін Қазақстанда өткізетіндігін растады.

«Жекпе-жекті үйге алып келгім келеді, себебі, оны әрқайсысы өз көзімен көруді қалайды, тарих үшін. Бұл керемет қой, адамдар мұны сезінгісі келеді. Мен өз халқымды қатты құрметтеймін. Олар мені ұдайы қолдап отырады, бұл өте маңызды», - деп атап өтті Головкин.

Бірақ жекпе-жектің болжалды уақыты мен GGG ықтимал қарсыласы туралы әзірге айтылмауда. Кейбір БАҚ-тар бұл кездесуде Головкиннің қарсыласы WBO белбеуінің иегері британдық Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) болуы мүмкіндігін жазған еді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының төрағасы Ахметжан Есімов ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Геннадий Головкинмен кездесіп, онымен ЭКСПО-2017 көрмесіне орай бокс-ивент өткізу мүмкіндігін талқылады. Кейін бұл мәселені Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да көтерген еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT