Келесі Олимпиадада алтын алуға бар күшімді саламын – Игорь Сон

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық ауыр атлет, Токиодағы XXXII жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Игорь Сон жеңістен кейінгі әсерін бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Есепке алынбаған сәттер мен төрешілікке қарамастан біздің атлеттер айтарлықтай нәтиже көрсетті. Әсіресе Игорь жаттықтырушы қойған салмақты меңгере білді. Сондықтан да біздің спортшылардың көрсеткішін оң деп бағалап, еліміздің медаль қоржынын толтыра түскені қуантады. Бізде ауыр атлетика бойынша бәсеке жоғары және атлеттеріміз үнемі жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Мысалы, Ташкентте өткен әлем чемпионатына аттанған 7 спортшымыздың алтауы жүлдемен оралды, оның үшеуі алтын медаль иеленді», - деді ҚР ауыр атлетика федерациясының атқарушы директоры Алдияр Нұралинов ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Өз кезегінде Токиодағы XXXII жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлде иегері Игорь Сон дайындық одан әрі жалғасатынын айтты.

«Дайындықты одан әрі жалғастырамын. Ендігі Олимпиадада алтын медаль үшін таласқа түсемін деп үміттенемін», - деді Олипиада жеңімпазы И. Сон.

Айта кетейік, Токиодағы Олипиада ойындарында қазақстандық зілтемірші Игорь Сон қола медаль жеңіп алған еді.


Соңғы жаңалықтар