Келесі Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Түркияда өтетін болады

None
None
ШОЛПАН АТА. ҚазАқпарат - Ыстықкөлдің жағасында ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Көшпенділер ойындары Қырғызстанда осымен үшінші мәрте өтуде. Ойын бағдарламасы қатысушыларды көшпенділердің ежелгі мәдениетімен арнайы таныстыру үшін ұйымдастырылған. Алайда келесі 2020 жылғы ойындарды өткізу құқығы Түркияға берілді. Бұл жөнінде Түркияның президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесу барысында Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков мәлім етті.

«2020 жылы Көшпенділер ойында Түркияда өтетін болады», - деді С. Жээнбеков.

Спорттық жарыстарға 60 елден 2000-ға жуық спортшылар, мыңдаған туристер мен шетелдік қонақтар келді. Іс-шараға 50 елден 500 шетелдік журналист тағайындалды.



Қазақстан құрамасы, өз кезегінде, 129 спортшыны таныстырды. Олар 37 ұлттық спорт түрінен сынға түседі. Оның 13-і - әртүрлі халықтардың ұлттық күрес түрлері.

Алдағы сайыстар Қыршын шатқалында өтетін болады. Аумақта мыңдаған киіз үйлер тігіліп, этноқалашық тұрғызылады. 

Сондай-ақ, бұл жерде алғашқы Халықаралық «Көшпенділердің дүниежүзілік тағамдары» фестивалі өтеді деп жоспарланған. Шараға қатысу үшін Әзербайжан, Казақстан, Кырғызстан, Моңғолия, Ресей, Румыния, Сауд Арабиясы, Түркия, Өзбекстан, Оңтүстік Корея сынды 10 елдің танымал аспаздары шақырылды. 


null  

Соңғы жаңалықтар