Келесі аптада Алматыдағы бірнеше көше жабылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының бірқатар көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай қолайсыздықтар қала көшелеріндегі жылу құбырларын қайта жасауға байланысты туындап отыр.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС таратқан ақпаратқа сәйкес, 4 тамызда сағат 23:00-ден бастап 7 тамыз күні таңғы сағат 6:00-ға дейін Наурызбай батыр көшесі бойымен Төле би көшесінен Әйтеке би көшесіне дейін,  

- Төле би көшесі бойымен Б. Момышұлы көшесінен Яссауи көшесіне дейін;

- Пушкин көшесі бойымен Райымбек даңғылынан М.Мақатаев көшесіне дейін көлік қозғалысы шектеледі.

«Алматының жылу жүйесі торабында апатты жағдайларды болдырмау және олардың алдын алу үшін бұрынғы ескірген құбырлар заманауи құбырлармен алмастырылып, инженерлік жүйелер қайта жасалып жатыр», - деп мәлім етті «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.

Соңғы жаңалықтар