Келес тұрғындары жалғызбасты әкеге баспана алып берді

None
None
КЕЛЕС. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Келес ауданының тұрғындары жалғызбасты әкеге асарлатып үй алып берді. Бозай ауылының тұрғындары мұқтаж жанұяға 20-ға жуық қой беріп, ауыл әкімдігі отағасын жұмысқа орналастырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бозай ауылдық округінің тұрғыны Андрей Грибанов - 3 баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты әке. Жұбайы ерте қайтыс болып, бүгінде 2 қызы мен 1 ұлымен бірге тұрады.


2015 жылы жұмыс бабымен ауылдағы тұрғын үйін сатуға мәжбүр болып, Сарыағаш қаласына қоныс аударған. Кейіннен денсаулығы сыр беріп, ауылға қайтуға тура келген.

Ауыл тұрғындары жалдамалы пәтер сұрап келген азаматқа баспана сыйлап, оның ішін жиһаздармен толтырып берді. Атап айтқанда, тұрмыстық техника мен жиһаз, ыдыс-аяқ пен қажетті киім-кешек, азық-түлік тауарларымен қамтамасыз еткен.

Ауылдастары алдағы уақытта баспананы толық жөндеуден өткізбекші.

Баспаналы болған Андрей Петрович қамқор жандарға ризашылығын білдіріп, шексіз алғысын айтты.


Соңғы жаңалықтар