+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Келес ауданының тұрғындарына медициналық сақтандырудың жолдары түсіндірілді

2019 жылғы 15 қараша 02:54
Бөлісіңіз:
Келес ауданының тұрғындарына медициналық сақтандырудың жолдары түсіндірілді

КЕЛЕС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Келес ауданы тұрғындарына Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін ендіруді түсіндіру бойынша жиын өтті. Мәжіліске әлеуметтік медицина сақтандыру қоры Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы Асхат Бейсенбаев пен Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері Жанар Оспанова, Келес ауданы әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев пен аудандық білім беру ұйымдарының басшылары және қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматылықтар медициналық сақтандыру қорына 48 млрд теңге аударды Түркістан облысында денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды  104,8 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр Алматылықтар медициналық сақтандыру қорына 47,3 млрд теңге аударған
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында көрсетілген жаңа сақтандыру жүйесінің ерекшеліктері жиында кеңінен сөз болды. Ақпараттық түсіндіру жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы Асхат Бейсенбаев баяндама жасады. Жаңа жүйенің артықшылықтары мен тиімді тұстарын Түркістан қалалық емхананың бас дәрігері Жанар Оспанова кеңінен түсіндіріп өтті. Жиын соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар жолданып, тиісті жауаптар берілді. Сондай-ақ ақпараттық-насихаттық топ аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында болып, жұртшылыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT