+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Келес ауданының әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті

2019 жылғы 16 қараша 04:38
Бөлісіңіз:
Келес ауданының әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті

КЕЛЕС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Келес ауданының әкімі және «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы Ақментай Есбаев, төрағаның бірінші орынбасары Ахмет Жұмабеков пен мәслихат депутаты, фракция мүшесі Марқабай Есіркепов және тиісті бөлім, мекеме басшылары Бірлік ауылының тұрғындарымен кездесті қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың саяси ұйымды қайта жаңғырту бағдарламасын іске асыру аясындағы тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған жиын барысында «Алпамыс» Бастауыш партия ұйымының төрағасы О.Арыстанбеков жұртшылықты «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» - «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты бағдарламасымен таныстырды.
Кездесу барысында ауыл округіндегі ауыз су проблемасы мен көшелерге шағал төсеу, жарықтандыру мәселелері сөз болды. Басталған көше жөндеу құрылысын аяқсыз қалдырмау, көпір жөндеу, оқушыларды тасымалдауға көлік бөлу, айналма жол ретінде берілген Абай-Бірлік бағытындағы бүлінген жолды жөндеу жайы қамтылды. Сондай-ақ электр жарығы, аудан орталығынан тасымалдау көлігін ұйымдастыру, мектеп жөндеу, бастауыш мектеп салу мәселелері көтерілді.
Филиал төрағасы А.Есбаев айтылған проблемаларды шешу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтіп, бірқатар мәселелер бойынша зерделеу және ұсыныстар беру жайлы тиісті бөлім және мекеме басшылары мен ауылдық округ әкіміне нақты тапсырма берді.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT