Келес ауданындағы ауылдарға газ бен ауызсу берілді - Түркістан облысы

None
None
КЕЛЕС. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Келес ауданындағы Бірлесу және Жүзімдік ауылдық округтерінде табиғи газ жүйесімен қамтамасыз етуге құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, 8 елдімекенге құбырлар тартылды. Атқарылған жұмыстардың арқасында аталған ауылдық округтер табиғи газ жүйесіне қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде Жүзімдік ауылдық округінің Оңтүстік, Бірлесу, Сәтбаев, Ақсу елді мекендеріне газ берілді. Сондай-ақ, Бірлесу ауылдық округінің Қазақстан, 28-гвардия, Дихан, Берекелді елді мекендеріне, жалпы 8 елді мекен көгілдір отынмен қамтылды. 1519 үйге көгілдір отын жеткізілді. Ауыл тұрғындарының қуанышымен ортақтасуға аудан әкімі Ақментай Есбаев арнайы барып, өзінің ізгі тілектерін жеткізді. Жыл соңына дейін ауданда табиғи газ жүйесімен тағы 5 елді мекен қамтылады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, аудандағы Қошқарата ауылдық округінде ауыз су мәселесі толығымен шешімін тапты. Бесқұбыр елді мекені тұрғындарының қуанышты сәтімен бөлісуге Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев барып, алдағы уақытта өзге де ауылдар тіршілік нәрімен қамтылатынын атап өтті. Әкімнің сөзінше, Бесқұбыр елді мекеніндегі екі көшеде су құбырларын тарту жұмыстары аяқталып, 150 тұрғын үйге таза ауыз су жүйесі жүргізілген. Аудан көлемінде жалпы 83 елді мекен болса қазіргі таңда оның 40-тан астамы ауыз сумен қамтылған. Ағымдағы жылдың соңына таяу тағы 6 елдімекенге су жеткізу жоспарланып отыр.

null

Соңғы жаңалықтар