+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Келес ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді

2019 жылғы 2 желтоқсан 00:52
Бөлісіңіз:
Келес ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді

КЕЛЕС. ҚазАқпарат –Түркістан облысы, Келес ауданында Тұңғыш Президент күніне орай жаңа мектеп пайдалануға берілді. Біртілек ауылдық округінде ескі ғимарат жанынан салынған нысан 300 оқушыға лайықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда мерекелік отшашу болды Тұңғыш Президент күні Қарағанды облысының тұрғындары қоныс тойын тойлады «Астана Операда» Елбасының сүйікті әндері шырқалды

Білім ұясының ашылу салтанатына аудан басшысы Ақментай Есбаев қатысып, елді мекен тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады. Аталған білім ордасында балалар білім алып, салауатты өмір салтын ұстану үшін барлық жағдай жасалған.

Айта кетейік, бұған дейін ыңғайластырылған мектепте спорт залы, асхана, қосымша үйірмелер жүргізу үшін сынып бөлмелері жетіспей келген. Енді жаңа ғимаратта бұл олқылықтар жойылып отыр. Мұнда спорт залы, тігін, ағаш ұстасы сынды түрлі үйірмелердің жұмыс жасауына мүмкіндік мол. Аталған мектеп құрылысына 425 млн теңгеден астам қаражат жұмсалып, тиісті жұмыстарды «Құрылыс Т.А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Бұдан бөлек, аудан көлемінде Ақтөбе мен Қошқарата ауылдық округінде де мектептердің жанынан қосымша құрылыстар басталып кетті. Аталған нысандар келесі жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT