Келес ауданында өндіріс орындары ашыла бастады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Келес ауданында жыл санап өндіріс орындары ашылып жатыр. Өңірдегі өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестициялардың көлемі биыл 499,7 млн теңгеге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандық әкімдіктің мәліметінше, өткен жылы өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестициялардың көлемін 400 млн теңгеге жеткізу жоспарланған. Бұл меже өткен жылдың 11 айында артығымен орындалған. Ал, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 10 064,3 млн теңгеге жеткен.

Нақты көлем индексі алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 126,5% орындалған. Ауданға барлығы 7,7 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,7 млрд теңгеге өскен. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен 0,7 млн теңге, жергілікті бюджет есебінен 1,6 млрд теңге бөлінген.
Сондай-ақ, меншік қаражат есебінен 2,5 млрд теңге және басқа да қарыз қаражат есебінен 0,1 млрд теңгеге жетті. Тартылған инвестиция ауданның әлеуметтік-экономикасына қарқын беріп, тұрғындардың жұмыспен қамтуына мүмкіндік ашқан. Тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 1527 азамат тартылған. Оның ішінде, әлеуметтік жұмыс орындарына 216, жастар практикасына 331, ақылы қоғамдық жұмыстарға 660 азамат және алғашқы жұмыс орындарына 15 тұрғын жолданған.

Соңғы жаңалықтар