Келес ауданында қоғамдық қабылдаулар өтті

None
None
КЕЛЕС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Келес ауданы әкімінің аппараты және 12 ауылдық округінде ашық есік күндері өткізілді. Аудан әкімі Ақментай Есбаев таңнан бастап тұрғындарды қабылдап, олардың мәселелерімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ашық есік күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде ұйымдастырылды. Халықпен тікелей қатынас орнату мақсатында өткен шараға сәйкес жергілікті халық мемлекеттік органдарда көкейлерінде жүрген мәселелерін жеткізді. Бұл күні ауылдық округтердегі әкімдер жеке қабылдауларын таңғы 09:00-де бастап, түскі 13:00-ге дейінгі аралықта өткізді. Жалпы аудан көлемінде 32 тұрғын қабылдауға келіп, өздерінің мәселелерін айта алды. Түскі үзілестен соң, әкімдер жеке қабылдаулар өткізді. Онда аудан халқы ауыз су мен жол, әлеуметтік мәселелер сияқты бірқатар проблемаларын ашып айтты. Өз сауалдарына тұшымды жауаптар алды.

Соңғы жаңалықтар