+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Келес ауданында 72 шақырымға жуық жол жөнделуде

2019 жылғы 18 қараша 15:48
Бөлісіңіз:
Келес ауданында 72 шақырымға жуық жол жөнделуде

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Келес ауданында биыл 71,3 шақырым, яғни 43 көшеге түрлі деңгейдегі жол жөндеу жүмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
2020 жылы Алматының шетіндегі 120 шақырым жолдың құрылысы басталады 2020 жылы Қазақстанда 1,3 мың шақырым жол пайдалануға беріледі Жетісайда жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

«Аудан орталығы Абай ауылы бойынша «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 28,19 шақырым, яғни 23 көшенің орташа жол жөндеумен қатар абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда Абай ауылындағы 23 көшенің 19 көшесінде жол жөндеу құрылыс жұмыстары аяқталған. Қалған 4 көшенің жөндеу жұмыстары қараша айының соңына дейін толығымен аяқталып, пайдалануға берілетін болады», делінген хабарламада.


Аудандағы елді мекендердегі ішкі көшелердің 43,1 шақырымы, яғни 20 көшеге түрлі деңгейдегі жол жөндеу жұмыстары жоспарланған. Оның ішінде 10 көшенің жөндеу жұмыстары аяқталуға таяу. Ал қалған 10 көшенің мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Сонымен қатар, бір аудандық маңызы бар «Ащыкөл-Қалғансыр» 6,8 шақырым автомобиль жолдары мемлекеттік сатып алу конкурсында өткізілуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT