Келес ауданында 30 қыз-келіншек жаңа мамандықты меңгеріп шықты

None
None
КЕЛЕС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Келес ауданында кәсіпкерлер саны күн санап артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты аясында жастар қысқа мерзімді кәсіби оқудан өтіп, бизнесін бастауда.

Ауданда бірінші болып «Даму» жеке тұлғаны дамыту орталығы 15 азаматты «кондитер» және 15 азаматты «визажист» мамандығы бойынша 3 айлық курста оқытты. Жастарға куәлік салтанатты түрде тапсырылды. Бағдарламаның бұл бағыты халықтың кәсіби шеберлігін шыңдауға мүмкіндік береді және өз кәсібін ашуға жол бастайды.

Сонымен бірге, өз кәсібін ашу немесе жалғастыру үшін мемлекеттік бағдарламалар тарапынан берілетін 505 мың теңгелік грантты алуға үміткер бола алады.

Айта кетейік, шілде айында 172 азамат қысқа мерзімді кәсіби оқуға жолданды. Олар Түркістан жоғарғы аграрлық колледжіне 20 жас «Жануарлар мен құстарды жасанды ұрықтандыру операторы» және 25 жас «Аспаз», №11 колледжге 15 жас «Ағаш ұстасы» және 32 жас «Тігінші», «Асу-KZ» ЖШС оқу орталығына 30 жас «Шаштараз» және 30 жас «Жеміс көкөніс өсіруші», ЖШС «Deluxe Group&GO» оқу орталығына 20 тұрғын «Аспаз» мамандықтары бойынша білімін жетілдірді.

Қалған 138 азаматты жыл соңына дейін өздері таңдаған мамандық бойынша оқыту көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар