Келер жылы пандемия кезінде салықтан босатылған 84 мың пәтер иесі салық төлей бастайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Келесі жылы пандемия кезінде салықтан босатылған 84 мың пәтер иесі салық төлей бастайды. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пандемия кезінде бұл санат салық салудан босатылған еді. Олар үш жыл бойы жеңілдік алып, салық төлемей келді. Бірақ, келесі жылдан бастап олар салық төлейді. Бұл – арнайы жеңілдетілген салық режимін алғандар мен патент иелері», - деді Ержан Біржанов.

Оның айтуынша, елімізде баспана жалға бергені үшін салық төлеп отырған 210 мыңға жуық мүлік иесі бар. Олардың 84 мыңы аталған тәсіл бойынша салық төлеп жүр.

«Тұрғын үйді жалға берудің бірнеше жолы бар. Бірінші жол – жеке кәсіпкер ретінде тіркелу. Еліміз бойынша осы олды таңдап, жеңілдетілген декларация мен патент тапсырып жүрген 84 мыңнан астам адам бар», - деді вице-министр.


Соңғы жаңалықтар