Келер жылы доллар бағамы қанша болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сараптама орталығы келер жылы елдегі инфляцияның қай деңгейде болатыны туралы болжам жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қауымдастықтың сараптама орталығы қаржы нарығындағы кәсіби ойыншылардың арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы жариялап отыр.

Келер жылдың өн бойында елдегі инфляция деңгейі екі таңбалы мәнде болып, желтоқсан айына қарай 14,3% болады.

Зерттеуде қаржы нарығындағы кәсіби ойыншылардың, банк, сақтандыру, брокерлік ұйымдардың өкілдерінің, сарапатма және қазынашылық бөлімшелер мамандарының пікірі зерделенді», - деп жазылған болжамға берілген сипаттамада.

Сонымен сауалнамаға қатысушылар бірнеше индикатор бойынша болжамын айтты. Олар:

Brent маркалы мұнай құны;

АҚШ долларының Ресей рубліне шаққандағы бағамы;

Доллардың теңге шаққандағы бағамы;

Инфляция;

Жалпы ішкі өнім;

ҚР Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесі.

Сарапшылар келер жылдың өн бойында инфляция екі таңбалы мәнде болып, жылдың аяғына қарай 14,3%-ға жетеді деген болжамға тоқталған.

Ал базалық бөлшерлеме туралы болжамдар әркелкі деуге болады. Жауап бергендердің 66%-ы — мөлшерлере әрі қарай көтеріле бере десе, 34%-ы қазіргі деңгейінде қалатынын болжаған.

Сарапшылардың пікірінше, доллардың теңгеге шаққандағы орташа бағамы қаңтар айында 470,14 теңге болады (қазір – 468,12 теңге). Осылайша Жыл қорытындысы бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы бір жылда 8,4% төмендеген болып шығады.

Алайда мамандар келер жылдың соңына қарай теңгенің долларға шаққандағы құнсыздануы бәсеңдеуі керек деп есептейді. Бұл пайыздық мәнде 5,7% болғанымен, ақша күйінде 1 доллардың құны 497,1 теңгеге жетуі мүмкін.

«Сарапшылардан жауап алып жатқан кезде мұнай түрлерінің құны шұғыл түсіп жатқан еді. Бұл мамандардың болжамына да әсер етті. Сарапшылар тура бір жылдан кейін Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 91,4 доллар болады деп отыр. Яғни биылғы бағамен салыстырғанда 10,7% арзандайды деген сөз.

Мамандар елдің жалпы ішкі өнімі келер жылы аз мөлшерде болса да жағымды қалыптасады деп отыр – 2,8%. Қазір бұл көрсеткіш 2,5%.


Соңғы жаңалықтар