Келер жылы Ақтөбенің 150 жылдығы тойланбақ

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Келер жылы Ақтөбе қаласына 150 жыл толады. Жыл ішінде инвестициялық форум мен мәдени-танымдық кештер жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай 300-ден астам шара өтеді. «Ақтөбе - құтты мекен ардағы» атты ғылыми - практикалық конференциядан басталып, Қазан, Орск, Хельсинг, Анкара-Кечиерен қалалары арасында инвестициялық форум жоспарланған.

«Қаламыздың 150 жылдығы мен «Ақтөбе» облыстық қоғамдық - саяси газетінің 95 жылдығына арналған «Жыр - керуені» атты жыршы - жыраулардың республикалық байқауы, «Құтты мекен өскен ел - өркениетке көшкен ел» атты республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылады. Есет батыр, Едіге батыр, Жалаңтөс баһадүр, Сартай батыр және Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы және вальс каролі атанған Шәмші Қалдаяқов, ағайынды Жұбановтарға арнап ескерткіш қойылады», - деді қала әкімі Ілияс Испанов әкімдік автивінде.

Қаланың мерейтойы аясында балаларға арналған конкурстар өтеді. Сонымен қатар, биыл әнші Димаш Құдайберген арнайы қатысқан «Бақытты бала» халықаралық вокалдық байқауы да бар. 

«Әлия гүлі» қазақ би ансамблінің және Ресей Федерациясы Орынбор облысының өнер ұжымдарының «Потанцуем и споем, соседи?!» атты III вокальді - хореографиялық достық ықпалдастық фестивалі, республикалық джаз фестивалі, ашық аспан астында ретро-техника мен сағат коллекциясының көрме-экспозициясы, робототехникадан  республикалық жарыс өтеді. Есту мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Саңыраулыққа бағынба, оны өзіңе бағындыр» атты ХIV аймақтық фестивалі, «Параолимпиада атжарысы» облыс әкімінің ашық чемпионат кубогі,  «Актобе: из прошлого к горизонтам будущего»  тақырыбында  халықаралық конференция жоспарланған», - деді қала әкімі. 

Соңғы жаңалықтар