Келер жылы 20-дан астам заң жобасы әзірленеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Әділет министрі Қанат Мусин Үкіметтің 2023 жылға арналған заң жобалау жоспарының жобасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Әділет министрлігі мемлекеттік органдардың ұсыныстарымен Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспары жобасын дайындады, оны биылғы 15 қыркүйекте Заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы мақұлдады», - деді министр бүгінгі Үкімет отырысында.

Бастапқыда жоспар жобасында Парламентке 34 заң жобасын әзірлеу және енгізу қарастырылған. Кейінірек жоспар жобасы Президент Әкімшілігінің ескертулерімен пысықталды.

Атап айтқанда, заң жобаларын Парламентке енгізу мерзімдері қайта қаралды, сондай-ақ тұжырымдамалары тиісті талқылауды талап ететін бірқатар бастама алынып тасталды.

«Сонымен қатар орталықсыздандыру бойынша қосымша 2 заң жобасы енгізілді. Баяндалғанды ескере отырып, пысықталған Жоспар жобасы 24 заң жобасын әзірлеуді көздейді, оның ішінде Парламентке бірінші жартыжылдықта – 13 заң жобасын, екінші жартыжылдықта – 11 заң жобасын енгізу жоспарланып отыр. Жекелеген заң жобалары Ведомствоаралық комиссия мақұлдағаннан кейін жоспар жобасына енгізіледі. Мысалы, Бюджет кодексі, Қала құрылысы кодексі, масс-медиа мәселері жөніндегі заң жобасы және басқалар», - деп түсіндірді Әділет министрі.

Соңғы жаңалықтар