+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Келер жылдың 1 шілдесінен зейнетке шығатын әйелдер төлемді екі есе көп алады

2017 жылғы 10 наурыз 12:54
Бөлісіңіз:
Келер жылдың 1 шілдесінен зейнетке шығатын әйелдер төлемді екі есе көп алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 1 шілдесінен зейнеткерлікке шығатын әйелдердің зейнетақысы 2 есеге ұлғайтылады.

Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өздеріңізде білесіздер, 2014 жылы зейнетақыны одан ары жаңғырту жөніндегі тұжырымдама, Заң қабылданды. Соған сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнет жасын арттыру басталады. Бірақ біз әйелдердің зейнет жасын 63-ке дейін арттыруды 10 жыл ішінде, 2018 жылдан 2028 жылға дейін жүргіземіз. Яғни, әйел азаматшаларымыз 2028 жылы ғана 63 жасқа толғанда зейнеткерлікке шығады», - деді Тамара Дүйсенова.

Оның айтуынша, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде зейнетақының базалық деңгейі көтеріледі.

«Сондықтан оған іліккен азаматшалардың базалық зейнетақылары 2 есеге ұлғайтылып беріледі. Яғни, азаматшаларымыз зейнетақы көлемінен ұтатын болады. Ары қарай әйелдердің зейнет жасын 63-ке дейін ұлғайту үшін жарты жылдан қосылып отырады», - деді ол.

Министрдің сөзіне қарағанда, 2010 жылы құрылған Әлеуметтік сақтандыру қорынан дүниеге бала әкелген аналарға жәрдемақы беріліп келеді.

«Дүниеге бала әкелген 150 мыңға жуық ана өз жалақыларының 40 пайызын аталған қордан алатын. 2016 жылы аталған қордан жәрдемақы алатын аналардың саны 255 мыңға жетті. Яғни 105 мыңға артып отыр. Демек, біз осы уақытта аналарды жұмысқа тартуға көп көңіл бөлдік деген сөз. Қазіргі уақытта жұмыс істеп жүрген аналардың саны көбеюде»,- деді Дүйсенова.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT