Келер жылдан бастап мемлекеттік қызметке іріктеу онлайн жүргізіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2024 жылдан бастап мемлекеттік қызметтің «Б» корпусына жұмысқа орналасу үшін ірктеу онлайн форматта жүргізіледі. Бұл туралы БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз «Е-қызмет» жүйесін модернизацияладық, оның сыртқы порталын аштық. Қазіргі кезде бұл жүйе 5 мемлекеттік органда пилоттық негізде жұмыс істеп тұр. Яғни, бүгінде мемлекеттік қызметтің «Б» корпусына жұмысқа орналасу онлайн түрде болады. Егер биыл «Е-қызмет» сынақтан жақсы өтетін болса, онда 2024 жылдан бастап барлық мемлекеттік органдарға енгізілетін болады. Келер жылдан бастап мемлекеттік қызметке кіремін деген Қазақстан азаматтары онлайн өтеді. Қазір көп мәселе конкурстық комиссияның шешіміне байланысты болып отыр. Сондықтан біз осы жүйені толық енгізіп, 2025 жылы конкурстық комиссия болмайтындай етіп жасаймыз», - деді агенттік төрағасы.

Қоса кетсек, бұған дейін мемлекеттік қызметке орналасуда қазақ тілін білу талабы енгізілуі мүмкін екенін жазып едік.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке орналасу тесті енді 9 емес, 4 заң бойынша алынады.


Соңғы жаңалықтар