Келер ұрпақтың қандай мемлекетте өмір сүретіні бүгінгі шешімдерімізге тікелей байланысты – Президент

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қоғамның дамуы үшін пікір алуандығы қажет. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Депутат болу – биік мансап емес, бұл – зор жауапкершілік және маңызды міндет. Сіздерді халық сайлады. Жұрт өздеріңізге сенім артып отыр. Ел сенімі – ел аманаты. Қадірлі қауым! Бізге орасан зор жауапкершілік жүктелген. Бұл – өткен тарихтың және болашақтың алдындағы жауапкершілік. Келер ұрпақтың қандай мемлекетте өмір сүретіні біздің бүгінгі шешімдерімізге тікелей байланысты. Еліміздің мақсаты айқын. Бұл - әділетті Қазақстанды құру», - деді Мемлекет басшысы.

Президент мұның бәрі бір күнде жасалатын шаруа еместігіне баса назар аудартты.

«Баршамыз табанды, еңбекқор, білікті, ұқыпты, тәртіпті болуымыз керек. Ең алдымен отаншыл болуымыз қажет. Ұлттың және мемлекеттің мүддесі бәрінен биік тұруға тиіс. Әрине, қоғамның дамуы үшін пікір алуандығы қажет. Бірақ, елдік мәселелерге келгенде «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» білген жөн. Елімізді өркендету үшін еңбек ету – баршамыздың азаматтық борышымыз. Ендеше, Отан алдындағы осы перзенттік парызымызға әрдайым адал болайық», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар