Кельнде адамдарды кепілдікке алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Кельн қаласының орталығында белгісіз біреулер адамдарды кепілдікке алып, ұстап отыр. Бұл туралы қалалық полицияның Twitter парақшасында хабарланды.

Оның ақпараты бойынша, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен төтенше қызмет шұғыл оқиға орнын келіп, мән-жайды анықтап жатыр.

Reuters мәлім еткендей, McDonald's мейрамханасындағы әйелді немесе көрші тұрған дәріханадағы әйелді тұтқынға алуы мүмкін. Қосымша ақпарат хабарланбай отыр. Куәгерлердің кейбірі оқ атылғанын хабарлады, бірақ  полиция бұл деректі әзірге растаған жоқ.

Болған оқиға салдарынан вокзал эвакуацияланып, пойыздар кешігіп жатыр, деп мәлім етті теміржол өкілі. 

Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар