«KEGOC» АҚ батыс өңірді еліміздің бірыңғай энергия жүйесіне қосу мәселесін қарастырмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «KEGOC» АҚ Батыс Қазақстанды еліміздің бірыңғай энергия жүйесіне қосу мәселесін қарастыруда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев мәлім етті.

«Қазіргі кезде Павлодар энергия торабын нығайту жобасы жүзеге асыру кезеңінде. Сонымен қатар, Батыс Қазақстанды республиканың бірыңғай энергия торабына қосу мәселесін қарастыратын боламыз. Өздеріңіз білесіздер, аталған өңір желісі ұлттық электр желісіне енбей тұр»,-деді ол.

Осы орайда ол компания ұлттық электр желісін жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастыратынын атап өтті.

Естеңізге сала кетейік, «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар Кеңесінің бекітілген шешіміне сәйкес, алғашқы лекте «KEGOC» АҚ қарапайым акцияларының 25 999 999 данасы саудаға шығарылады. Қарапайым бір акцияның құны 505 теңге. «KEGOC» АҚ сатылымға шығаралатын қарапайым акцияларына жазылу мерзімі - 2014 жылдың 5 қарашасы мен 3 желтоқсаны аралығына белгіленіп отыр.

Соңғы жаңалықтар