«Кедергісіз орта»: Параспортшы Серік Есматов көмекке мұқтаж екенін айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Күні кеше Елбасы Н.Назарбаев халыққа арнаған кезекті Жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандарға «кедергісіз орта» қалыптастыру керектігін айтқан болатын. Мүгедек мәселесін майшаммен қарауға мысал болатын параспортшы Серік Есматов ҚазАқпарат тілшісіне көлік пен көмекке мұқтаждығын айтты.

Волейболдан Қазақстан жастар құрамасының капитаны, параспортшы Серік Есматов осыдан 7 жыл бұрын қос аяғынан айрылған. ҚазАқпарат тілшісі «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпазының кадр сыртындағы өмірін қаз-қалпында жеткізеді.

Ол сайда орналасқан үйіне бастайтын баспалдақтан арбасымен түсе алмайды. Қақпа алдынан күнде күтіп алатын әкесі оны есікке дейін арқалап апарады.

null 

Сыз басқан үйдің сұрын суреттен аңғарамыз.

null 

20 жастағы Серік - Қазақ туризм және спорт академиясының студенті. Қазір ол оқумен қатар жаттығуын жалғастырып жүр.

«Шынығуды тоқтатқан жоқпын. ЖОО студенттері мен мектеп оқушыларымен фан-кездесулер өткіземін. Волейболды отырып ойнайтын команда тарап кетті. Бұл шаруаны федерация шешеді, мен бұған қауқарсызбын»,-дейді Серік.null 

Жас жігіттің жадау тұрмысы сау адамның жігерін құм қылып жіберетіндей. Өзгелерге жол сілтеп, қиындыққа мойымауға шақыратын оның өзі бүгінде материалдық көмекке мұқтаж. Көлікке қолым жетсе дейтін ол ешкімге тәуелді болғысы келмейді. Транспорттық қызметтің қолжетімсіздігі жолын байлап отырғанын ашық айтады. 

«Үйден шығып-кірерде күнде кедергілерге ұшыраймын. Үй маңында мүгедек арбасымен жүруге жағдай жасалмаған. Жолдың өзі біраз уақыттан бері жөнделмеген. Кәдімгі тротуар төселген. Қала ішінде шаруаларымды бітіруге транспорт қажет»,-дейді ол.

Серік аса үлкен күтімді қажет етпейді. Әкесі мен анасы үнемі жанынан табылып, қолдау білдіреді.null 

«Ата-анам қарапайым адамдар. Әкем - электрші маман. Анам - темір жол вокзалының қызметкері. Алдымен өзім аяқтансам деймін. Ата-анама көмектескім келеді. Саясатқа ден қойып, қоғамға, адамдарға пайдамды тигізгім келеді»,-дейді Серік Есматов.

Ең қиыны, ол қалаға жету үшін аяғын пойыз жұлып кеткен темір жолдан күнде өтуге мәжбүр. Бұл оған қорқынышты естеліктен де қауіпті.null

Параспортшы жеке тұрмысын түзеп беруге ықыласты азаматтарға мұқтаж. Бұдан бөлек, оның кезек күттірмейтін мәселесі де жеткілікті. Сапалы протезге шамамен 3 миллион теңге, мүгедек арбасын сатып алуға 300 мың, ал үйінің жөндеу жұмысы 8 миллионға сұранып тұр.

Көмек қолын созамын деушілерге төмендегі реквизиттерді ұсынамыз:

Есматов Серік Аманжолұлының жеке есепшот нөмірі:

«Halyk bank» АҚ:  KZ 6360 1000 2008 70 61 35

Карточка нөмірі: 4390 8782 8978 5429

KASPI bank есепшот нөмірі: KZ 4772 2C0000 2222 0071

Kaspi карточкасы нөмірі: 5169 4931 7203 5118

QIWI әмияны нөмірі: +7 707 523 2303

 ЖСН: 98 07 31 300 156

Фото: Жайнар Дәркембаев

Соңғы жаңалықтар